Балаларға арналған ертегілер

МИССИЯ

Бала тәрбиелеп отырған ата-анаға көмектесу

Ертегі арқылы баланың қиялын дамыта аласыз. Туындаған сұрағына жауап беріп баланың көкжиегін кеңейтесіз.Тыйым мен шектеулерді дауыс көтеріп не ашуланып жеткізбеңіз. Жай ғана айтқыңыз келген тақырыпқа сәйкес ертегіні таңдаңыз.

Ертегі кейіпкерінің есімін балаңыздың атына ауыстыруға болады.

Толығырақ

Жоба жайлы

МӘЛІМЕТ

ҚР тәуелсіздігімен түйедей құрдас қыз-жігіттердің балалары қазір бала-бақшаға барады. Олар қазақ тілінде контенттің жоғына жабырқайды. Бүгінгі таңда елімізде балаларға арналған жалғыз телеарна, жалғыз баспа бар.

Ordagen тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы септік етеді. Ең көп оқылған ертегілер мультфильмге айналады.

OrdaGen Mobile

Ұялы телефондағы «AppStore» немесе «Play Market»-ке кіріңіз. Мобильді қосымшамызды жүктеп алыңыз.

Ертегіні таңдап, аудиосын қосуға 3-5 секундыңыз кетеді. Бір ертегі аяқталған соң үзіліс жасасаңыз болады.

Бір апта бойы балаңызға тыңдататын ертегілердің тізімін жасап қойсаңыз болады. Ол үшін «Кейінірек оқу» тетігін басасыз.

Ертегі қандай
форматта болады?

Кітап

Әріп танитын бала өзі-ақ оқыса болады.

Аудио

Әріп танымайтын балаға тыңдатсаңыз болады.

Мультфильм

Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы пайда болады.

ЕСКЕРТУ!

Ертегілердің кітап нұсқасы мен аудио нұсқасы болғанымен, барлық ертегінің мультфильм нұсқасы бола бермейді.

Ертегі контенті қалай көмектеседі?

Енді балаңыз ...

Адами құндылықтар

  • Үлкенді құрметтейді;
  • Бауырына қамқор болады;
  • Жақсы менен жаманды ажыратады;
  • Еңбекті бағалайды;
  • Біреудің пікірін сыйлайды;
  • Өтірік айтпайды;
  • Досына адал болады;

Ұлттық құндылықтар

  • Ата-ананы яғни сізді құрметтейді;
  • Ата-әжесін сыйлайды
  • Ұлтын сүйеді;
  • Тәуелсіздік ұғымымен танысады;
  • Еліне, жеріне жаны ашиды;
  • Салт-дәстүрдің мәнін ұғады;
  • Қазақ тіліне деген махаббаты артады;
  • Ұлттық аспаптармен танысады;

Танымдық құндылықтар

  • Сұрақ қояды;
  • Ой-өрісі дамиды;
  • Ізденеді;
  • Армандай бастайды;
  • Мақсатқа ұмтылады;
  • Жаңалық ашуға құмар болады;
  • Еңбекке араласады;
  • Рухани дамиды;

Қоршаған орта құндылықтары

  • Табиғатты аялайды;
  • Қоқыс тастамайды;
  • Жан-жануарға зәбір көрсетпейді;
  • Жауапкершілікті сезінеді;

Автор атаныңыз

  • - Ертегі жаза аласыз ба?
  • - Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқыңыз келе ме?
  • - Балаңызды таңқалдыруды қалайсыз ба?
Хабарласыңыз
Сізге бәрін жақсылап түсіндіреміз